Спорт

Қытайда бір күнде үш қандасымыз жеңіс тұғырынан көрінді

6 қараша күні үш бірдей қытайлық қазақтар спорт түрлерінен сайыстар бойынша жоғары жүлдеге ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді, деп ҚазАқпарат агентігіне сілтеме жасап Turanews.kz порталы хабарлайды.

Қытайлық БАҚ-тың жазуынша, 2022 жылы 6 қараша күні Бейжіңдегі марафонда 42 шақырымдық ерлер жарысында Елеубек Қуанұлы (Іле аймағы Құлжа ауданынан) 2 сағат 14 минут 34 секундтық нәтижемен бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар дәл осы күні Қытайдағы Гүйжудың Тоңрын қаласында өткізілген 21 шақырымдық марафон жарысында тағы бір этникалық қазақ Тұйғын Серікұлы (Іленің Нылқы ауданынан) бас жүлдені иеленген. Тағы бір Сайран Нұрданбек есімді қандасымыз (Іленің Күнес ауданынан) АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 6 қараша күні өткен UFC (аралас жекпе-жек) турнирінде үшінші жеңісіне қол жеткізген еді.

Айта кетейік, Қытайлық 26 жастағы қазақ Сайран Нұрданбек (39-10) 6 қарашада Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 214 турнирінде жекпе-жекке шықты. Қазақ файтердің қарсыласы америкалық Дэррик Миннер (26-14) болды. Жартылай жеңіл салмақтағы айқас үш раундқа есептелген, алайда, Сайран Нұрданбек қарсыласын бір минутта-ақ құлатты.

Source
Inform.kz

TuraNews

Back to top button