Әлем
Қытайда алып құйын соғып 5 адам қаза тапты

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясының Суцянь қаласында болған құйыннан 5 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алды, деп жазады Turanews.kz TRT-ге сілтеме жасап.
Дасин және Нанкай аудандарында қатты болған құйын салдарынан көліктер ұшып, электр бағаналары аударылды. Құйын салдарынан болған апаттардан 5 адамның қаза тауып, 4 адамның жараланып, ауруханаға жатқызылғаны жарияланды.
Алдын ала мәлімет бойынша, құйыннан 5512 адам зардап шекті, 1646 үй зақымдалды, 405 адам қауіпсіз аймақтарға көшірілді.
Суцянь қаласындағы 41,8 гектар егістік те зардап шекті.