ӘлемБасты

Қытайда 5,5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Қытайдың сейсмологиялық қызметі (CCTV) Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясында жер сілкінісін тіркеді.

Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісінің эпицентрі Санья қаласының маңында 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Алдымен негізгі дүмпу болып, кейін бірнеше рет афтершок болған.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, бұл аймақта танымал Дунхуан туристік орталығы мен Цзюцюань ғарыш айлағы орналасқан. Тұрғындар жер сілкіністерін сезінген, алайда зардап шеккендер немесе қирандылар туралы ақпарат жоқ.

TuraNews

Back to top button