ӘлемМәдениет

Қытайда 3000 жыл бұрынғы қабірлер табылды

Дүйсенбіде археологтар Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясындағы үстіртте 3000 жыл бұрынғы қирандылардың арасынан 3 228 қабір тапты. Дулан округіндегі Балонг кентінде орналасқан қиранды біздің дәуірімізге дейінгі 1500-1000 жылдар аралығындағы қабірлер мен тұрғын үйлерді біріктіретін топ болып саналады. Бұл туралы Xinhua агенттігі хабарлайды.

Провинцияның Мәдени мұра және археология ғылыми-зерттеу академиясы мен Қытайдың Солтүстік-Батыс университеті 2021 жылы бірлескен қазба жұмыстарын бастаған. Археологиялық қазба жобасының жетекшісі Ду Вэй (Du Wei) қазіргі уақытта жалпы ауданы 120 000 шаршы метр болатын үш жерлеу орны табылғанын және 52 қабір қазылғанын хабарлады. Ду Вэйдің айтуынша, табылған заттардың арасында қыш ыдыстар, қола, нефрит, мата, адам қалдықтары, жануарлардың сүйектері мен өсімдік қалдықтары болған.

Көптеген жәдігер Нуомухон (Nuomuhong) мәдениетін зерттеуге көмектеседі. Нуомухон мәдениеті – қола дәуіріндегі археологиялық мәдениет, негізінен Кайдам бассейнінде және оған жақын аудандарда кең таралған.

Source
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button