Әлем
Қытайда 2 баллдық 6 жер сілкінісі тіркелді
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі өткен тәулікте 30 қаңтарда Қытай аумағында 2 баллдық 6 жер сілкінісін тіркеді.
Бұл туралы аталған органның баспасөз қызметі мәлім етті.
Қытай аумағында болған 2 баллдық 6 жер сілкінісінің 1-і Қазақстан аумағында 04:27-де сезілді. Эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 293 км жерде Қытай аумағында орналасқан.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ.
ТЖМ мамандарының мәліметінше, жағдай тұрақты.
Мамандар азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.