Бұл туралы Синьхуа агенттігі Қытай Халық Республикасының Табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап хабарлады, деп хабарлайды TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме беріп.
«Бұл Азиядағы пегматит типті литий рудасының мономинералды фракцияларының ең ірі кен орны», — делінген министрлік хабарламасында.
Тиісті ведомство литий рудасын жеткізуді ұлғайтып, металды өндіру нарығын дамытуды көздеп отыр.
Литий «XXI ғасырдың жаңа энергетикалық металы» ретінде электр көліктерін, литий-ионды аккумуляторларды және күн батареяларын өндіру үшін маңызды материал саналады.
Қытайдан басқа литий кенінің айтарлықтай қоры Аргентина, Боливия, Чили, Аустралия және АҚШ-та табылды.