Басты

Қытай Өзбекстандағы кәсіпорындар саны бойынша алғаш рет Ресейді басып озды

2024 жылдың соңында Қытай Өзбекстандағы шетелдік капиталдың қатысуымен кәсіпорындар саны бойынша алғаш рет Ресейді басып озды.

ӨР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Өзбекстанда шетелдік инвестицияның қатысуымен 14 871 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Соңғы бір жылда олардың саны 5,8 пайызға немесе 818-ге артқан. Оның 3 965-і бірлескен кәсіпорын болса, 10 906-сы шетелдік.

Шетелдік капиталы бар компаниялардың саны бойынша Қытай бірінші орында – 3 357 компания, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 43,6%-ға немесе 1 020-ға көп.

Бұл — жыл бойы жұмыс істейтін шетелдік кәсіпорындар санының рекордтық өсімі. Өткен жылдары Қытай Өзбекстандағы қатысуын салыстырмалы түрде баяу қарқынмен кеңейтті. Атап айтқанда, 2020 жылы олардың саны — 147-ге, 2021 жылы — 128-ге, 2022 жылы — 214-ке, 2023 жылы 196-ға өскен.

Ресей екінші орынға түсіп кетті. Ресей капиталының қатысуымен компаниялар саны 3,5%-ға – 3 044-тен 2 937-ге дейін (-107) азайды.

2023 жылы ол 112 компанияға дейін қысқарған болатын.

2022 жылы Ресей шет елдердің көптеген санкцияларына тап болған кезде Өзбекстандағы қатысуын күрт кеңейтті, нәтижесінде Ресейдің қатысуымен бір жылда 847-ге (өткен жылдары 216 және 256) өскен еді.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санының төмендеуі басқа елдерде де байқалды: Түркия — 1 826 кәсіпорын (-3% немесе -57 кәсіпорын), Қазақстан — 1 041 (-2,2% немесе -23), Оңтүстік Корея — 644 (-12,5% немесе -92), АҚШ — 304 (-2,9% немесе -9).

Жалпы, соңғы екі жылда Түркия капиталы қатысатын кәсіпорындар саны 378-ге, Қазақстан — 217-ге, Оңтүстік Корея — 286-ға, АҚШ — 50-ге қысқарды.

ТМД елдері компаниялары санының аздап өскені байқалады. Мысалы, Тәжікстаннан 314 (+12,9%), Әзірбайжаннан 263 (+11%), Қырғызстаннан 287-ге (+2,9%) көбейді.

Басқа елдердің капиталы бар кәсіпорындар саны 631-ге – 3485-тен 2854-ке (-18,1%) азайды.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button