Саясат
Қытай мен Тәжікстан Ауғанстанда инклюзивті үкімет құруды қолдады
Жұма күні Қытай мен Тәжікстан бірлескен мәлімдемесінде Ауғанстанда барлық этникалық, діни және саяси топтардың өкілдерінің қатысуымен инклюзивті үкімет құруды қолдады.
Бірлескен құжат мәтінінде айтылғандай, тараптар терроризмнен, соғыстан және есірткіден таза, барлық көршілерімен бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін тәуелсіз, бейтарап, біртұтас, инклюзивті және бейбіт Ауғанстанның ауған халқының және барлық елдің ортақ мүддесіне жауап беретінін тағы да атап өтті.
Бірлескен мәлімдеме ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің Тәжікстанға мемлекеттік сапары барысында жарияланғаны атап өтілді.