Әлем
Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2 қыркүйек күні жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Turanews.kz.
Оқиға Алматы уақытымен таңғы сағат 07:06-да болған.
Жерасты дүмпуінің ошағы — Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 253 шақырым қашықтықта Қытай мен Қырғызстан шекарасы аумағында.
«Зілзаланың энергетикалық класы 10.8. Магнитудасы — 4.7. MPV. Тереңдігі — 5 шақырым. Сезілгені жайлы ақпарат жоқ», — делінген хабарламада.