ӘлемТехнологияЭкономика

Қытай билігі шетелдіктер үшін мобильді төлем әдістерін жеңілдетті

Дүйсенбіде Қытай Халық банкі (Орталық банк) шетелдіктер үшін мобильді төлем әдістерін одан әрі жеңілдету үшін цифрлық юань пайдаланушыларына арналған нұсқаулық жариялады.

Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазады.

Орталық банк мәлімдемесіне сәйкес, цифрлық юань электронды әмиянды әлемнің 210-нан астам елдері мен аймақтарындағы ұялы телефон нөмірлеріне тіркеуге болады.

Сонымен қатар, Қытайдағы шетелдік саяхатшылар үшін төлем тәжірибесін одан әрі жақсарту үшін Alipay қолданбасы қызмет көрсету тілдерінің санын 16-ға дейін арттырды.

WeChat Pay және Alipay Қытайдағы екі негізгі төлем қолданбасы болып табылады және осы айдың басында шетелдік пайдаланушылар өздерінің халықаралық несие карталарын, соның ішінде Visa және Mastercard Карталарын Қытайдағы екі негізгі төлем қолданбасы Alipay және WeChat Pay-ге қоса алатыны белгілі болған еді.

TuraNews

Back to top button