Әлем
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі сағат 22:16-да жер сілкінісін тіркеді, деп жазады TuraNews.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 528 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан.
- Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,7.
- MPV магнитудасы – 4.0.
- Жер сілкінісінің координаттары – 44,51° c.e. 83,21° ш. б.
- Тереңдігі –15 шақырым.
«Қазақстанда сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша) туралы ақпарат жоқ», — делінген хабарламада.