БастыҚоғам

Қырғызстанның ҰҚК 2025 жылғы алғашқы сыбайлас жемқорлық қылмысын ашты

11 қаңтарда Талас ІІБ учаскелік полиция инспекторы Ж.Т.А. тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша тергеуді тоқтатқаны үшін 20 000 сом алып жатқан жерінде ұсталды

Таласта полиция қызметкері адам бопсалағаны үшін ұсталды, деп жазады Кабар агенттігі.

Комитеттің мәліметінше, 11 қаңтарда Талас ІІБ учаскелік полиция инспекторы Ж.Т.А. тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша тергеуді тоқтатқаны үшін 20 000 сом алып жатқан жерінде ұсталды. Ол Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 343-бабы «пара алу» бойынша құрықталып, Талас қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта басқа да қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұл жемқорлық үшін жаза күшейтілетін заңнама қабылданғаннан кейін жаңа жылда алғаш рет орын алып отыр.

2024 жылдың 31 желтоқсанында Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров 2024 жылғы 25 желтоқсанда Жогорку Кенеш қабылдаған «Қырғыз Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Заң елдің жоғары басшылығының мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі ішкі саясатын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Ол сыбайлас жемқорлық және басқа да қылмыстардың алдын алу бойынша пәрменді шаралар құруға, сондай-ақ осындай қылмыстарды жасауға кінәлі деп танылған және мемлекеттік, муниципалдық қызметке қайта орналасқысы келетін тұлғаларға жазаны күшейтуге және шектеулер белгілеуге бағытталған.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button