Әлем
Қырғызстанның Талас облысында 3 балдық жер сілкінісі тіркелді
Қырғызстанның Талас облысы аумағында 3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп жазады Turanews.kz «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.
Жер сілкінісі 4 тамыз сағат 9:28-де болған. Сейсмология институтының мәліметінше, дүмпу Талас ауданының А. Огомбаев және Козучак ауылдарында 2 балға дейін жетті. Зілзаладан адамдар зардап шекпеген және ғимараттардың қирауы туралы ақпарат болмады.