Қырғызстанның сыртқы сауда айналымы 2024 жылдың қаңтар-шілде айларында 8,8 млрд АҚШ долларын құрады, деп жазады TuraNews.kz Trend агенттігіне сілетем жасап.
Қырғызстанның Ұлттық статистикалық комитетінің мәліметінше, экспорт 3,7 пайызға азайып, 1,6 миллиард долларды құраса, импорт түсімдері 6,7 пайызға өсіп, 7 миллиард 217 миллион долларды құраған.
Тауар айналымы құрылымында экспорт 18,2 пайызды, импорт 81,8 пайызды құрады.
2024 жылғы қаңтар-шілдеде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 2,4 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,7 пайызға аз. Осы кезеңде Қырғызстан арасындағы өзара сауданың ең үлкен үлесі Ресей (71,3 пайыз) мен Қазақстанға (26,8 пайыз) тиесілі.
ЕАЭО-ға кірмейтін елдермен сыртқы сауда көлемі 6,4 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 10,6 пайызға артық.