ӘлемҚоғамТехнология

Қырғызстанның Мәдениет министрлігі ел аумағында TikTok желісін бұғаттау туралы шешім шығарды

Қырғызстанның Мәдениет министрлігі TikTok әлеуметтік қызметін бұғаттау туралы шешім қабылдады, деп жазады Turanews.kz 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметі, үкіметтік емес ұйымдар тарапынан TikTok желісінің балалар психикасы мен денсаулығына теріс әсер ететіні туралы шағымдардың жиілегенін хабарлады. Бастама авторларының пікірінше, балалар TikTok желісінде көрсетілетін видеодағы қауіпті әрекеттерді қайталап мертігіп қалуы мүмкін.

Мәдениет министрлігі жүргізген мониторинг нәтижесінде платформаның балалар денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін видеоға қолжетімділікті шектемейтінін және қолданушының жасы ескерілмейтінін анықтаған.

«Көптеген өтінішті ескере отырып және жүргізілген мониторинг негізінде Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Қырғыз Республикасының аумағында TikTok желісі қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Via
Informburo.kz

TuraNews

Back to top button