ӘлемҚоғам

Қырғызстанның конституциялық соты анасының ата-тегін алу құқығын алып тастады

Қырғызстан кәмелетке толған азаматтарға әкесі немесе анасының тегін алу құқығын беру туралы құжатты қайта қарады. Таңдау құқығын жоятын шешімді ҚР Конституциялық соты қабылдады, деп жазады TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Құжатта бұған дейін қабылданған анасының тегін алу мүмкіндігі қоғамда қалыптасқан қағидаларға сай келмейтін, бірақ заңнамалық шешімді қажет ететін өмірдегі жағдайларға ғана қатысты болғаны айтылған. Әңгіме өмірінде әкесінен психологиялық немесе физикалық жарақат алған, басқа жағымсыз оқиға болған және ол сот актісімен дәлелденгендіктен аты-жөніне ер адамның атын қосқысы келмейтін азаматтарға кәмелетке толғаннан кейін осы мүмкіндікті беру туралы болған еді.

Ана институтын қырғыз қоғамы қабылдай алмады, оған моральдық ұстанымдар, қырғыз халқының құндылығы мен дәстүрі себеп болған. Соттың мұндай шешімі қоғамда дау тудырды. Осыған байланысты биыл қазанда мемлекет басшысы Садыр Жапаров ел парламенті бірауыздан қабылдаған Конституциялық сот шешімін қайта қарауды тапсырып, «Конституциялық сот туралы» Заңға түзету енгізу бастамасын көтерілді.

9 қарашада елдің Конституциялық соты аналық институтқа қатысты шешімін қайта қарап, одан әке немесе анасының ата-тегін таңдау құқығын алып тастады.

TuraNews

Back to top button