Саясат
Қырғызстанның Еңбек министрлігі тұрғындарды арандатушылық әрекеттерге бой бермеуге шақырды
Қырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қамтамасыз ету және көші-қон министрлігінің Ресейдегі өкілдігі қырғызстандықтарды лаңкестік әрекеттерге қатысу үшін әлеуметтік желілер арқылы түрлі арандатушылықтарға бой алдырмауға шақырды.
Ведомствоның мәліметінше, Ресейде тұратын қырғыз азаматтарын әлеуметтік желілер мен Telegram сияқты танымал мессенджерлер арқылы лаңкестік әрекеттерге қатысуға тартып жатыр.
Қырғызстан Республикасы Еңбек министрлігінің өкілдігі Ресейде тұратын немесе уақытша жүрген қырғызстандықтарды түрлі арандатушылықтарға бой алдырмауға, әлеуметтік желі арқылы жұмысқа орналаспауға, түрлі іс-шараларға қатыспауға, сондай-ақ балаларды бақылауға үндеді.
Ведомство лаңкестік әрекетке қатысқан азаматтар Ресей Федерациясының қылмыстық заңнамасы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазаланатынын еске салды.