Синоптиктердің болжамынша, Талас, Ош, Жалал-Абад, Баткен, Нарын облыстарының басым бөлігінде, Шу, Ыстықкөл облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, таулы аймақтарда қар жауады, деп хабарлайды Кабар агенттігі.
Тау бөктерінде және жолдардың таулы бөліктерінде қар жауып, көктайғақ болады. Батыстан соғатын жел жылдамдығы 4-9 м/с жетеді.
Бішкекте бүгін көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +23, түнде +11 градусқа дейін көтеріледі.
Сондай-ақ, 22-23 сәуірге болжанған құбылмалы ауа райы мен нөсер жауынға байланысты Ош, Жалал-Абад, Баткен облыстарында сел жүру қаупі жоғары.
Төтенше жағдайлар министрлігі зардаптардың алдын алу үшін арықтар мен дренаждық арналарды тазалауға кеңес береді.