Қырғызстандағы отандастарымыздың сайлауға қатысуы 39,6 пайызды құрады

Бішкекте Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасына сәйкес Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінде ұйымдастырылған №264 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дауыс берушілердің қатысуы 39,6 пайызды құрады, деп хабарлады Бішкектегі N264 сайлhttps://www.inform.kz/kz/kyrgyzstandagy-otandastarymyzdyn-saylauga-katysuy-39-6-payyzdy-kurady_a4047884ау учаскесіндегі учаскелік комиссияның төрағасы Нұрлан Ғылманов. ҚР Елшілігіндегі сайлаушылар тізімі бойынша 300 адам тіркелген.
«Бішкектегі №264 сайлау учаскесіне жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де тіркелген сайлаушылардан 119 қазақстандық дауыс беруге келді, бұл 39,6 пайызды құрады. Дауыстар саналып, бюллетеньдер ресімделіп болғаннан кейін соңғы қорытынды шығарылады», — деді учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы.