БастыҚоғам

Қырғызстандағы жер сілкінісінен 50 шақты үйге зақым келген

Қырғызстанның Талас облысы Талас ауданында 28 наурыз күні болған жер сілкінісінен 48 үйге зақым келгені анықталды.

Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, төтенше жағдай болған күннен бастап азаматтық қорғаныс комиссиясы зақым келген үйлерді анықтау жұмыстарына кірісті. Қазіргі уақытта 48 үйдің зақымдалғаны белгілі болды. Тексеріс қорытындысы бойынша акт толтырылды. Комиссия деректеріне сәйкес 48 үйдің 31-і сақтандырылған көрінеді.

Осылайша:
• Копуро-Базар ауылында — 26 үй;
• Арал ауылында — 12 үй;
• Уч-Эмчек ауылында — 2 үй;
• Шумкар-Уя ауылында — 6 үй;
• Манас ауылында — 1 үй;
• Кок-Ой ауылында — 1 үйде зақымдалу дерегі тіркелді.

Еске салсақ, 28 наурызда Жамбыл облысында екі рет жер сілкінді. Есептелген қарқындылығы Меркі ауылында — 5.0 балл, Құлан ауылында — 4.0 балл, Шу қаласында — 2.0 балл шамасында болған. Бұл ретте жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқаны хабарланды.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button