2023 жылдың 14-16 қыркүйек аралығында Түркі Академиясы Қырғыз Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Шолпон-Ата қаласында (Қырғыз Республикасы) «Түркі мемлекеттілігінің тарихы» атты конгресс өткізеді, дка хабарлайды Turanews.kz Академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркия Республикасының 100 жылдығы аясында ұйымдастырылып отырған «Түркі мемлекеттілігінің тарихы» халықаралық конгресі түркі мемлекеттілігінің тарихы бойынша зерттеулерді жандандыру мен тереңдету және осы саладағы ғылыми ынтымақтастықты ынталандыруға бағытталған.
Конгрессте көне дәуірден бстап қазіргі кезеңге дейінгі тарихи оқиғаларды хронологиялық тұрғыдан қамти отырып, түркі мемлекеттерінің тарихына қатысты мәселелер қаралады. Конгресс жүмысы тиісті тарихи салалар мен басқа да ғылыми пәндер мамандарының белсенді өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуге, тақырыптық мерзімді басылымдарда материалдарды жариялауға бағытталған. Еуразия тарихы мен археологиясына қатысты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын монографиялық еңбектерді сериялық түрде басып шығару да Конгресс мақсаттарының бірі болып табылады.
Офлайн және онлайн форматта өтетін шараға 50-ден астам түрколог-ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ТМҰ мүше-мемлекеттердің гуманитарлық ғылымдар саласындағы жауапты құрылымдардың сарапшылары қатысады.
Шара аясында Түркі академиясы қазақ тілінде дайындаған белгілі түрік тарихшысы Афет Инанның «Кемал Ататүрікті еске алғанда» кітабының тұсаукесері өтеді. Кітап Түрік Республикасының 100 жылдығына орай жарық көріп отыр.
Конгресстің пленарлық отырысы көшпелі қоғамдардың әлеуметтік және саяси институттарының эволюциясының хронологиясы мен кеңістіктік-географиялық өзгермелілігі: тайпалық одақтардан көшпелі империяларға дейін; Орталық Азиядағы түркілердің этникалық тамыры және олардың белгілерінің қалыптасуы; Еуразия Даласындағы маңызды саяси бірлестіктер құрудың тарихи алғы шарттары; Түркі мемлекеттеріндегі саяси жүйенің дамуы; Алғашқы қағанаттардан бастап соңғы ортағасырлық империяларға дейінгі түркі мемлекеттерінің билік институттары мен діни құрылымы; Түркі мемлекеттерінің тарихындағы құрлықаралық сауда жолдары; Еуразия халықтарының мемлекеттілік дәстүрлерінің қалыптасуындағы түркі мемлекеттерінің рөлі және т.б. тақырыптарға арналады.
Секциялық отырыста қатысушылар өз зерттеулерінің тақырыптары бойынша баяндамалар жасайды.
Конгресс қорытындысы бойынша қатысушылар түркі мемлекеттілігі тарихын зерттеудің негізгі