Әлем

Қырғызстанда Тоқтағұл қаласының мэрі кен орнын басып алу әрекетін ұйымдастырғаны үшін ұсталды

Кен орнын рейдерлік жолмен басып алуды ұйымдастырғаны және оны заңсыз пайдаланғаны үшін, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топпен (ҰҚТ) байланысы үшін Тоқтағұл қаласының мэрі ұсталды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды TuraNews.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның Кабар агенттігінің мәліметінше, ҚР ҰҚМК мемлекеттік орган қызметкерлерінің ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысын анықтау немесе алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізіп, Жалал-Абад облысы Тоқтағұл ауданы аумағындағы кварц кен орнын Тоқтағұл мэрі «Т.Э.А.» ҰҚТ мүшелерімен бірлесіп басып алғанын анықтады.

2022 жылы жоғарыдағы кен орны орналасқан айыл-окмот басшысы болып тұрған кезде «Т.Э.А.» кен орны басшысына ортақ табысқа кенеліп, кварцты өз пайдасына асыруды ұсынған. Оған келісім ала алмағандықтан, «Т.Э.А.» белгісіз адамдарды, оның ішінде өзін Тоқтағұл қаласын «бақылаушы» (Ч.Жумагулов ҰҚТ атынан) «Доо Чынгыз» лақап атымен таныстырған «И.Б.А.» арқылы қалағанына қол жеткізуге тырысқан. Олар физикалық күш қолданып, отбасы мүшелеріне қауіп төнеді деп қорқытып, жеке кәсіпкерді кәсіпорынның 50% үлесін өзіне беруге мәжбүрлеген және оны ұлы «Т.Э.А» атына тіркеген.

Ары қарай осы кен орнында заңсыз кварц өндірісін және айналымын жүргізген. Одан түскен табысты Тоқтағұл қаласының мэрі ҰҚТ мүшесімен бірлесіп алып отырған. Оған қоса өндіріс кезінде экологиялық және техникалық талаптар бұзылып, мемлекетке 74 млн сом шығын келді.

Жедел-тергеу амалдары жүргізіліп, Тоқтағұл қаласының мэрі, оның ұлы «Э.у.А.» мен ҰҚТ мүшесі «И.Б.А.» ұсталып, Жалал-Абад облысындағы тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

TuraNews

Back to top button