Әлем

Қырғызстанда темір сынықтары мен қара металл қалдықтарын экспорттауға тыйым салынды

Қырғызстанда қайта балқытуға арналған темір сынықтары, қара металл қалдықтары мен қара металдың құймаларын Еуразиялық экономикалық одақ аумағынан тыс жерге экспорттауға уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің қаулысы хабарлайды.

Құжатта Қырғыз Республикасының Экономика және коммерция министрлігіне шектеу енгізілгені туралы белгіленген мерзімде Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Еуразиялық экономикалық комиссияны және ТМД Атқарушы комитеті – ҚР Сыртқы істер министрлігін хабардар ету қажеттігі айтылған.

Бұл ретте ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кеден комитетіне және МҰҚК-нің Шекара қызметіне заңсыз тауардың шекарадан шығарылуына тосқауыл қою үшін тиісті шараларды қолға алу қажеттігі тапсырылды.

Экспортқа уақытша 6 айға дейін енгізілген.

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button