Қырғыз Республикасының Экономика және сауда министрлігі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес елдерден Қырғызстан аумағына темекі әкелуге, транзитке және кері экспорттауға алты ай мерзімге тыйым салуды ұсынып отыр, деп жазады Kazinform агенттігі.
Құжат Қырғыз Республикасы азаматтарының денсаулығын контрафактілік, сертификаты жоқ темекіні тұтынудан қорғау, сондай-ақ контрабандаға қарсы күресті күшейту және мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін орындау мақсатында әзірленген.
2023 жылы Салық қызметі заңсыз айналымнан 65 231 қорап темекі тәркілеген. 2023 жылы Қырғыз Республикасында заңсыз темекінің үлесі 17,7 пайызды құрады. Oris, Mondeo, Like және Madrid маркаларымен шығарылған контрафактілік темекі өнімдері БАӘ мен Сербияда шығарылды. Жоғарыда аталған маркалар техникалық регламент сәйкестігіне сертификаттаудан өткен жоқ.
Сарапшылардың зерттеулеріне сәйкес, Қырғызстан Орталық Азиядағы темекі өнімдерін заңсыз айналымға енгізудің негізгі орталығы болып қала береді. Соңғы 4 жылда бажсыз сауда дүкендерінде сатуға арналған темекі өнімдерін жеткізу көлемі 10 еседен астам өсті. Сонымен қатар, 2023 жылы бажсыз сауда аймақтары мен кедендік қоймалардағы темекі айналымының көлемі 300 млн қорап темекіге жетті.