Әлем

Қырғызстанда Ресейден келген 100-ден астам мұғалім жұмыс істейді

Қырғызстан мектептерінде 112 ресейлік мұғалім жұмыс істейді. Бұл туралы «Болашаққа бағдар» халықаралық орыс-қырғыз мұғалімдер форумының ашылуында сөз сөйлеген ҚР Білім Министрлігінің өкілі Ольга Брызгалова мәлімдеді, деп Sputnik.kg сайтына сілтеме беріп TuraNews.kz жазады.

Ол «Шетелдегі ресейлік мұғалім» жобасы Қырғызстанда 2019 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқанын атап өтті.

«Екі жылдан бері Ресейден 112 оқытушы біздің мектептерде жұмыс істейді. Егер бұл бастапқыда жекеменшік не жартылай мемлекеттік мектептер болса, қазір жоба муниципалды және мемлекеттік мектептерді педагогикалық қызметпен қамту бағытында кеңеюде», — деп айтты Ольга Брызгалова.

 

TuraNews

Back to top button