БастыСаясат

Қырғызстанда референдумға қатысатын сайлаушылар тізіміне 300 қазақстандық тіркелді

Қырғызстан астанасында Қазақстан Республикасы Елшілігі жанындағы сайлау учаскесінде АЭС құрылысы бойынша алдағы республикалық референдумға қызу дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

№396 референдум өткізу жөніндегі учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Ғылманов 6 қазанда өтетін сайлау учаскесінің дауыс беруге жоғары дайындығын атап өтті.

«Референдумға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сайлаушылардың тізімі бойынша 300 қазақстандық тіркелген, олардың басым бөлігі консулдық тіркеуде. Бұл туралы сайлаушылар Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің ресми ақпараттық сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында хабарланды. Дауыс беруге қатысу үшін елдің жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер, сондай-ақ қызметтік және жеке себептермен уақытша жүрген азаматтар телефон арқылы ресми түрде шақырылды. Сайлау учаскесі ОСК стандартына сай референдум туралы ақпараттық стендтермен және баннерлермен, сондай-ақ дауыс беруге арналған жәшіктер мен дауыс беруге арналған кабиналармен жабдықталады», — деді ол.

Бішкек қаласындағы Шыңғыс Айтматов даңғылы 95 «А» мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігінің ғимаратында орналасқан Қырғызстандағы №396 сайлау учаскесінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-де басталып, 20:00-де аяқталады.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button