
Қырғызстанда жыл басынан бері қызылшаға шалдыққандар саны артып келеді, деп хабарлайды TuraNews.kz Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, жыл басынан бері Қырғызстанда қызылшаның 2 316 жағдайы анықталған. Ең көп ауырғандар Бішкекте — 660, Ош облысында — 654, Ош қаласында — 302 және Шу облысында — 277 тіркелді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, аурудың тез таралуының негізгі себебі — балалар мен ересектерді қызылша мен қызамыққа қарсы жоспарлы иммундаумен қамту деңгейінің төмендеуі.
18-26 қыркүйек аралығында қызылша мен қызамыққа қарсы қосымша иммундау бойынша балаларды қамту 55% құрауы тиіс.