БастыҚоғам

Қырғызстанда қатты жауған бұршақ 50 гектардан астам егінге зақым келтірді

Қырғызстанның Талас облысында бұршақ жауып, жел күшейді.

Салдарынан 50 гектардан астам ауыл шаруашылық жер бүлінген. Асбұршақ пен жеміс беретін ағаштарға зақым келген. Екпіндетіп соққан жел 15-тен астам үйдің шатырын жұлып әкетті.

Павлодар облысында да табиғат тосын мінезін көрсетті. Аймақтағы Вознесенка, Сосновка, Заборовка ауылдарында бұршақ жауды, деп жазады qazaqstan.tv.

Куәгерлердің айтуынша, бұршақтың көлемі бөдене жұмыртқасының үлкендігіндей.

Дихандар «бидай тұқымдастарына аса қауіпті емес, бірақ күнбағыс сабақтарын жапырып жіберуі мүмкін», – деп алаңдаушылығын білдірді.

TuraNews

Back to top button