Қырғызстанда 2023 жылдың қаңтарында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда тұтынушылық бағалар мен тарифтер өсімі 1,5%-ды құрады, деп хабарлайды Қырғызстан Республикасының Ұлттық статистикалық комитеті.
Қырғыһзстанда азық-түлікке де, азық-түлікке жатпайтын тауарларға да бағаның өсуі байқалды. Азық-түлік тауарларының ішінде ең көп қымбаттағаны – жаңа піскен көкөністер (14,5%), картоп (7,8%), күріш (3,3%), балық (2,5%), сүт өнімдері, ірімшік және жұмыртқа (2,3%-ға). Бұл ретте май бағасының 1,7%-ға, қарақұмықтың 1,4%-ға, жылқы етінің 0,8%-ға және қанттың 0,3%-ға төмендеуі байқалды.
Елде азық-түлік және алкогольсіз сусындармен бір мезгілде алкоголь және темекі өнімдерінің бағасы 1,7%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,6%-ға, халыққа көрсетілетін қызмет тарифтері 0,6%-ға өсті.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында тұтыну бағасының өсуі елдің барлық өңірлерінде байқалды.
Бұл ретте ең жоғары бағалар Нарын облысында болды. Мұнда азық-түлік емес тауарлардың (4,0%-ға), азық-түлік тауарлары мен алкогольсіз сусындарының (3,7%-ға), халыққа көрсетілетін қызмет тарифтері 3,2%-ға қымбаттады. Оңтүстік астанада алкоголь мен темекі өнімдерінің бағасы 2,8% қымбат бағамен сатылды.