Қырғыстанның білім және ғылым министрлігі мектеп-гимназия мен мектеп-лицей оқушыларының оқу үлгерімі нашар болған жағдайда және олар талаптарға сәйкес келмесе жалпы білім беретін мектептер болып қайта құрылатынын мәлімдеді, деп Қырғыз Кабар аненттігі хабарлайды.
Қазіргі уақытта Үкіметтің 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 541 қаулысымен бекітілген Қырғыз Республикасының жалпы білім беру ұйымдары туралы Үлгілік ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Министрлер қаулысының жобасы әзірленуде.
Мұнда мектеп-гимназиялар мен мектеп-лицейлерде білім беру сапасын арттыру мәселесіне баса назар аударылды, өйткені мұғалімдер мектеп мәртебесі мен жалақыға қоса қосымша үйірмелердің жұмысы үшін 15% және 20% үстемеақы алады.
Жалпы, республикалық бюджет қаражатынан мұғалімдерге қосымша ақы төлеуге жыл сайын 1 млрд 13 млн сом бөлінеді, бірақ, білім беру сапасы төмен мектептер әлі де жоқ емес.
Бекітілген талаптарға сәйкес келмеген және оқушылардың үлгерімі төмен болған жағдайда мектеп-гимназиялар мен мектеп-лицейлер жалпы білім беретін мектептер болып қайта құрылатын болады.