22 желтоқсан күні Қырғызстанда ел президенті Садыр Жапаров қол қойған мемлекеттік туды өзгерту туралы заң күшіне енді, деп хабарлайды TuraNews.kz сайты Эркин-Тоо басылымына сілтеме жасап.
Қабылданған құжат күн сәулесінің пішінін мемлекеттік тудағы толқын тәрізді түзулерге өзгертті.
Еске сала кетейік, осыған дейін қырғыз елінің Парламенті 20 желтоқсан күні өткен отырысында мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын қабылдағанын жазған болатынбыз.
Сонымен қатар, Республиканың мемлекеттік туы бейнеленген ресми құжаттардың барлық түрлері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жарамды екені атап өтілді. Бұдан бөлек, көлік құралдарының мемлекеттік нөмірлері мен оның суреті бар көлік құралын тіркеу туралы куәліктер тиісті орган оларды ауыстыру туралы шешім қабылдағанға дейін жарамды болып саналады.