ӘлемТехнология
Қырғызстанда мемлекеттік майнинг заңдастырылды

Қырғызстанда виртуалды активтер туралы заңға түзетулер қабылданды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.
Енгізілген өзгерістер елдегі цифрлық активтер саласына бақылауды күшейтуге, сондай-ақ Қырғыз Республикасындағы виртуалды активтер нарығының тұрақтылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Негізгі жаңашылдықтар:
- «Мемлекеттік майнинг» және «мемлекеттік криптовалюталық резерв» ұғымдары ресми түрде енгізілді, сондай-ақ «стейблкоин», нақты активпен қамтамасыз етілген токен ұғымдарының анықтамалары нақтыланды;
- Виртуалды активтер саласында инновациялық қызметтерді бақыланатын ортада сынақтан өткізуге мүмкіндік беретін «реттеуші құмсалғыштар» (regulatory sandbox) тетігі енгізілді;
- қызмет көрсетушілерге берілетін лицензиялар енді шектеулі мерзімге жарамды болады, атаулы (берілмейтін) сипатқа ие және үшінші тұлғаларға табыстауға жатпайды;
- майнингпен айналысатын барлық тұлға міндетті түрде ресми тіркеуден өтіп, тиісті сертификат алуы тиіс.


