
Монополияға қарсы реттеу қызметінің мәліметінше, 15 ақпанға дейін мемлекет аймақтардағы көмірдің шекті құнын белгілеген болатын. Бұл ретте тиісті органдар өңірлерде 560 тексеру жүргізіп, оның нәтижесінде 800-ден астам бағаны негізсіз көтеру фактісін анықтады.
Бұған дейін Қырғызстан үкіметі көмірдің құнын мемлекет тарапынан реттеу мерзімін бірнеше рет ұзартқан еді. Кейінгі рет тиісті қаулы былтыр 15 желтоқсанда қабылданып, биыл 15 ақпанда күшін жойды.
Еске салайық, Қазақстанда ақпан айынан жанар-жағармай бағасын мемлекеттік тарапынан реттеу тоқтады. Тиісінше, бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өседі.