Қырғызстанда көмір бағасын уақытша мемлекеттік реттеу енгізіледі, деп хабарлады елдің Экономика және сауда министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, 15 қыркүйектен бастап Қырғызстанда 90 күн мерзімге көмір бағасын мемлекеттік реттеу енгізіледі. Шараның мақсаты – көмір бағасының өсуіне жол бермеу және оның халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Қырғызстанның Экономика және сауда министрлігі жанындағы Монополияға қарсы реттеу қызметі мемлекеттік реттеу мен бақылау үшін қажетті шараларды қабылдайтын болады.
Айта кетейік, тамыз айында Қырғызстанның министрлер кабинеті елден көмірді автомобильмен экспорттауға алты ай мерзімге уақытша тыйым салуды ұсынған құжат жобасын жариялаған болатын.