Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров кәсіпкерлер мен инвесторлардың қызметіне кедергі келтіргендер жазасын қатайтатын заңға қол қойды, деп жазады Kazinform агенттігі.
Заңды республика парламенті 27 маусым күні қабылдады.
Кәсіпкерлік субъектілеріне заңсыз тексеріс жүргізген немесе олардың заңды қызметіне кедергі келтірген лауазымды тұлғаларға жауапкершілік күшейтілді.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен инвесторларға қатысты бұлтартпау шараларын қолдану мәселесін қарау кезінде қабылданған заң соттарды электронды білезіктерді (электрондық байқау), кепілге немесе үй қамағына алуды бірінші кезектегі тәртіппен қарауға міндеттейді.