Қырғызстан Республикасы Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, алкоголь және темекі өнімдерінің бағасы 1,6 пайызға, азық-түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындар 1 пайызға, халыққа көрсетілетін қызмет тарифтері 2,6 пайызға өсті. Бұл ретте азық-түлік емес тауарлардың бағасы, керісінше, 0,3%-ға төмендеді.
Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында тұтыну бағалары мен тарифтерінің көтерілуі республиканың барлық аймақтарында байқалған, тек Шу және Жалал-Абад облыстарында тиісінше 0,5% және 0,2% төмендеуі байқалған.
Бішкекте бағаның максималды 1,5%-ға көтерілуі басқа аймақтармен салыстырғанда халыққа көрсетілетін қызмет тарифтерінің 4%-ға жоғарылауына байланысты болды.
2024 жылдың қаңтарында Қырғызстанның сыртқы және өзара тауар саудасының көлемі 1,2 млрд АҚШ долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 36,8%-ға өсті.
Бұл ретте экспорт 46,6%-ға, импорт 35,1%-ға өскен. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен өзара сауда көлемі 278,3 млн АҚШ долларын құрап, 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 4%-ға төмендеді. Осы кезеңде республиканың өзара саудасының ең көп үлесі Ресейге – 70% және Қазақстанға – 27,6% тиді.