БастыСаясат

Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарының мерзімінен бұрын сайлауы өтеді

Қырғызстанда Жогорку Кенештің (Қырғыз Республикасының бірпалаталы парламенті) Ош, Қара-Суу және Баткен бір мандатты сайлау округтеріндегі бірқатар депутаттың өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты парламентке халық депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Сайлау науқаны қазір жүріп жатыр. Ол 2024 жылғы 27 сәуір таңғы сағат 8-ге дейін жалғасады. 15 сәуірден бастап округтердегі сайлау комиссиялары кандидаттардың сайлаушылармен бірлескен кездесуін өткізіп жатыр.

Қырғызстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бір мандатты үш округте сайлауға 30 кандидат қатысып жатыр, оның 10-ы Баткенде, 7-і Қара-Сууда және 13-і Ош бір мандатты округтерінде.

Хабарланғандай, бұған дейін барлық кандидат сайлауды заң аясында өткізу туралы меморандумға қол қойған. Оған сәйкес олар тек заң аясында әрекет етуге, бір-біріне, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы «қара пиар» қолданбауға, дауыс алу мақсатында пара алудан және әкімшілік ресурстарды пайдаланудан бас тартуға міндеттенген.

Қырғыз Республикасы Президентінің «№2 Баткен бір мандатты сайлау округі, №9 Қара-Суу бір мандатты сайлау округі, № 7 Ош бір мандатты сайлау округі бойынша Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеші депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенеш депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2024 жылдың 28 сәуірінде өтеді.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button