Қоғам
Қырғызстанда жер сілкінді
Қырғызстанның оңтүстігінде жергілікті уақыт бойынша cағат 05:41-де эпицентрінде күші шамамен 3 балл болатын жер сілкінісі тіркелді.

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Орқазған ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 11 шақырым, Ақ-Терек ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым, Жийде ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым, Салам-Алик ауылынан солтүстік-батысқа қарай 19 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің күші Орқазған, Қанжыға, Ақ-Терек, Жийде елді мекендерінде 3 балл шамасында, ал Салам-Алик, Қош-Етер ауылдарында 2,5 балл болды.