Басты

Қырғызстанда жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалып жатқан топ ұсталды

Қырғызстанның құқық қорғау органдары елде заңсыз наразылық акцияларын өткізуді көздеген бұрынғы саясаткерлер, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мен азаматтық белсенділерден тұратын қылмыстық топты анықтады.

Шу облысы ішкі істер бас басқармасының мәліметінше, Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 278-бабы «Жаппай тәртіпсіздік» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Арнайы іс-шара барысында аталған топтың белсенді мүшесі, Жалал-Абад облысы, Тоқтоғұл ауданының тұрғыны 1978 жылы туған азамат С.Ф. ұсталған кезде қылмыстың ізін жоюға әрекеттенген.

Азамат М.О. да ұсталды. 1998 жылы туған, Ош облысы Қара-Суу ауданының тумасы. Ол арқылы қаражат заңдастыру бойынша банк операциялары жүргізілген. Анықталғандай, күдікті белсенді Тілекмат Күреновтің және басқа да белсенді тұлғалардың қатысуымен арандатушы сипаттағы видеоматериалдар дайындап, әлеуметтік желілердегі фейк аккаунттар арқылы таратқан.

Полиция Жалал-Абад, Ош облысы мен Ош қаласында тінту жүргізіп, заттай айғақтар тәркіледі.

Жаппай наразылық акцияларын дайындауға және ұйымдастыруға қатысы бар деген күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button