
Заңның мақсаты – ұлттық идеологияны нығайту және қалаға қырғыз халқының ұлы батыры, елін түрлі шапқыншылықтардан қорғаған Манастың есімін беру, деп жазады Kazinform.
Құжат ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң күшіне енеді.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 10 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттары Жалаал-Абад қаласының атауын Манас деп өзгерту жөніндегі заң жобасын үш оқылымда мақұлдаған болатын.