Тиісті заң жобасын парламент депутаттары қоғамдық талқылауға шығарды, деп жазады Kazinform агенттігі.
Бүгінгі таңда республикада ішкі сауданың (жылжымайтын мүлік, автокөліктер операциялары, несие беру, турлар ұйымдастыру) шетел валютасында жүзеге асырылуы елдің ұлттық валютасы — сомға қысымның күшеюін білдіретіні атап өтілді. Несие беру жүйесінде тұрғын үйді бөліп төлеу арқылы азаматтар елде валюта бағамының күрт өзгеруі немесе шетел валютасының айырбас бағамының жасанды өсуі кезінде қарыздарын өтеуде қиындықтарға жиі ұшырайды.
Осыған байланысты заң жобасында сомның мәртебесін күшейтіп, ел ішінде сауданы тек ұлттық валютада жүргізу ұсынылады. Шетел валютасындағы кірістері мен шығыстары бар шаруашылық жүргізуші субъектілер экспорт пен импортқа байланысты сауда қызметін шетел валютасында жүзеге асыра алады.
Бұған дейін Қырғызстанның Ұлттық банкі есептік мөлшерлемені 9 пайыз деңгейінде қалдырғаны хабарланған болатын.