ӘлемСаясатЭкономика

Қырғызстанда геотермалды энергияны пайдалану жоспарланып отыр

Қырғызстанның Экономика және сауда министрлігі Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) бірлесіп Қырғыз Республикасындағы жылу және ауаны баптау жүйелеріне геотермалды энергияны пайдалану жөніндегі бірлескен бағдарламаны іске қосты.

Елдің Экономика және сауда министрі Данияр Амангелдиевтің айтуынша, Қырғызстан бұл салаға ұлттық деңгейде көбірек көңіл бөлетін болады. Елді геотермалды әдіс сияқты сенімді және тұрақты энергия көзімен қамтамасыз ету – стратегиялық маңызды сала.

Геотермалды энергия бойынша көшбасшы елдер қатарына АҚШ, Швейцария, Франция, Польша, Исландия, Қытай және Түркия кіреді.

Қырғызстанда жекеменшік секторды геотермалды энергияны пайдалануда жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламалары әзірленетін болады.

Геотермалды энергия – жердің ішкі қабаттарынан жылу энергиясын геотермалды электр станцияларында электр энергиясын өндіру үшін немесе тікелей жылыту немесе ыстық сумен қамтамасыз ету үшін пайдалануға негізделген энергия саласы.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button