Қаланың Первомайский аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталған А.У.А. жаппай тәртіпсіздіктер дайындады, билікті күшпен басып алды және ұйымдасқан топ құрды деп айыпталып отыр., деп жазады Kazinform агенттігі.
Сот шешімімен ол 2025 жылдың 9 қаңтарына дейін тергеу оқшаулағышына қамалды.
Бұған дейін Қырғызстанда билікті басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған 7 адам қамауға алынғанын жазған болатынбыз. Ұлттық спорт ойындарын өткіземіз деген сылтаумен олар 2024 жылғы 17 қарашада өтетін жергілікті кеңес сайлауы күні күш көрсетуге үндеп, конституцияға қайшы шақыруларды насихаттап, кейіннен билікті күшпен басып алу арқылы жағдайды тұрақсыздандыруды көздеген.
Сондай-ақ Қырғызстанның ҰҚМК басшысы пошта арқылы қоқан-лоққы көрсеткен хат алды.
Хат авторы кейін ұсталды. Ол бұрынғы әскери ұшқыш болып шықты.