БастыДенсаулық

Қырғызстанда екі ай ішінде қызылша ауруынан 8 бала көз жұмды

Бұл туралы Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Эдиль Байсалов мәлімдеді.

Шенеуніктің айтуынша, елдегі қызылша ауруының жағдайы өте қауіпті болып тұр. Жыл басынан бері 3 739 қызылша жұқтыру оқиғасы тіркеліп, бұл аурудан сегіз бала көз жұмған.

— Бүкіл өңірде қызылшаның ірі өршуі байқалады. Елде өте қауіпті жағдай қалыптасып отыр. Өткен жылы алты өлім жағдайы тіркелсе, биыл тек қаңтар-ақпан айларында ғана бұл ауру сегіз баланың өмірін қиды. Бұл жол беруге болмайтын жағдай. Әр аудан басшысы дабыл қағып, жағдайды жеке бақылауына алуы керек. Біз екпе салуды жаппай қамту шараларын күшейтуге міндеттіміз. Бұл – біздің балаларымыздың өмірі мен денсаулығы, — деп атап өтті Эдиль Байсалов.

Денсаулық сақтау министрлігіне аурудың өршуін оқшаулау бойынша шұғыл шаралардың кешенді жоспарын әзірлеу, жағдайды қатаң бақылау және өңірлерде жедел әрекет ету үшін вакцина қорын жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету тапсырылды..

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button