БастыҚоғамТуризм

Қырғызстанда Диснейленд салынады

Әлемдегі ең танымал парктерді салушы әйгілі америкалық IdeAttack, Inc. компаниясы Қырғызстанда халықаралық деңгейдегі тақырыптық парк салмақ.

ҚР Туризмді қолдау қоры мен Чу ауданының әкімшілігі америкалық IdeAttack, Inc. компаниясымен меморандумға қол қойды.

Қордың ақпараты бойынша, Чу облысы Тоқмақ қаласындағы ауданда парк салу үшін халықаралық стандартқа сай 50 гектар жер телімі бөлінді.

Келіссөздер 2024 жылдың басынан басталған.

Тоқмақ паркі не ұсынады:

  • Орталық Азиядағы фэнтези стиліндегі сәулет құрылысы;
  • Манас эпосы негізіндегі аттракциондар;
  • Ұлы Жібек жолының бойы;
  • Музыка, би, театрландырылған қойылым негізіндегі шоу-бағдарлама;
  • Кийіз үй тігу, киіз басу, атқа міну, ұлттық тағам бойынша шеберлік сабақтары.
Source
Inform.kz

TuraNews

Back to top button