Қырғызстанда депутаттарға талап күшейтілмек
Қырғызстанда мәслихат депуттартарына қатысты жаңа заң жобасы қарастырылып жатыр.
Заң жобасы сайлау құқығы нормаларын жетілдіру және азаматтардың белсенді сайлау құқығын жүзеге асыру тетіктерін құру мақсатында әзірленген, деп хабарлайды TuraNews.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме беріп.
Енгізілетін өзгерістерге сәйкес, жергілікті кеңеш депутатының (мәслихат — авт) өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға оның бір жыл ішінде жергілікті кеңеш отырысына дәлелді себепсіз екі реттен артық қатыспауы негіз болуы мүмкін.
Түзетулер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жоғары білімі бар жергілікті қоғамдастық депутатын сайлауға құқығы бар қалалық кеңес төрағасына қосымша талапты белгілейді. Бұл шешім жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне білікті өкілдік пен кәсіби тұрғыдан қарауды қамтамасыз етуге бағытталған. Жергiлiктi кеңештердің өкiлдi орган төрағасының белгiлi бiр кәсiби бiлiмiнiң болуы оның өз мiндеттерiн тиiмдi атқаруына мүмкiндiк бередi.