Қоғам
Қырғызстанда болған жер сілкінісі Өзбекстан аумағында да сезілді
Эпицентрі Қырғызстанда болған жер сілкінісінен Өзбекстан аумағында да жерасты дүмпулері сезілді.
Өзбекстанның Республикалық сейсмопрогностикалық мониторинг орталығының мәліметінше, кеше сағат 17:09 болған жер сілкінісінің ошағы Ташкенттен солтүстік-шығысқа қарай 170 шақырым қашықтықта, яғни Қырғызстан аумағында орналасқан.
Эпицентрдегі дүмпулердің магнитудасы — 4,2, тереңдігі — 10 шақырым.
Салдарынан Наманған облысына қарасты Касансай және Чуст аудандарында 2, ал Янгикурган ауданында 2-3 балдық жерасты дүпуі сезілді.