Әлем

Қырғызстанда бюджет қаражаты есебінен сатып алу кезінде тендер ойнатылмайтын болды

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасының Мемлекеттік сатып алу саласындағы кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды «Кабар» агенттігі.

Заңды Жогорку Кенеш 2023 жылдың 29 маусымында қабылдаған. Мұндағы мақсат – мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды жетілдіру мен оңтайландыру, осы процесте жемқорлықты болдырмау.

Заң мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңтайландыруды және «тендер» ұғымын қамтитын бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізуді көздейді. Мәселен, осы Заңмен Қырғызстанның 13 Заңына өзгерістер енгізіліп жатыр.

Сонымен бірге, мемлекет пен халықтың түрлі тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында:

— күрделі, іске асырылмаған тетіктер алынып тасталады және қайта қаралады;

— сатып алу жоспарын өзгерту кезіндегі рәсімдер қысқартылды;

— бір көзден сатып алу тәсілін қолдану аясы кеңейтілді.

Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы қолдану өтінімдері бойынша жазбаша түсініктемелер беру қызметі қарастырылған.

Via
ҚазАқпарат

TuraNews

Back to top button