Денсаулық
Қырғызстанда бір аптада 11 мыңнан астам адам тұмау жұқтырған
Қырғыз елінде бір апта ішінде тұмау жұқтырған 11,5 мың адам және COVID-19-ға шалдыққан 2 адам тіркелді. Аурулардың алдын алу және мемлекеттік эпидемиялық бақылау департаменті елдегі эпидемиялық ахуал туралы айтып берді, деп хабарлайды TuraNews.kz Kabar.kg агенттігіне сілтеме жасап.
Мамандардың дерегі бойынша, 2023 жылғы 11-17 желтоқсан аралығында республикада 11 575 тұмау мен ЖРВИ тіркелген, өткен аптамен салыстырғандағы өсім — 43,4%. Былтырғы жылмен салыстырғанда маусымдық вирус жұқтырғандар төрт есе азайғаны байқалады.
Өткен аптада Бішкек пен Шу облысында COVID-19 жұқтырған 2 адам тіркелді.
Республикада тұмау, ЖРВИ мен COVID-19 эпидемиялық ахуалына мониторинг жасау және бағалау жұмыстары жалғасып жатыр.