23 қыркүйек күні Жалал-Абад қаласында ақынның туғанына 140 жыл толуына арналған шара ұйымдастырылып, Қырғызстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы мен Министрлер Кеңесінің Төрағасы Акылбек Жапаров және Президенттің Жалал-Абадтағы өкілетті өкілі Тілек Текебаев, Парламент депутаттары, Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов, Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениеті ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев және Қырғызстанның әр өңірінен келген көшбасшылар қатысты.
Акылбек Жапаров салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Барпы Әліқұловтың 140 жылдық мерейтойы, әсіресе, қырғыз тілі мен әдебиеті үшін, жалпы адамзаттық мәдениет үшін үлкен мереке екенін атап өтті. Барпы Әліқұловтың уақытпен санаса алатын өлеңдерінің бүгінгі күні де маңызын жоймағанын айтқан ол облыс пен Жалал-Абад қаласында соңғы жылдары әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық жағынан айтарлықтай өсім байқалғанына да толталды.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев өз сөзінде ақынның өлеңдері мен азаматтық ұстанымы бүгінгі күнге дейін сақталып келе жатқанын, Барпы Әліқұловтың қырғыз классика поэзиясының негізін қалаушылардың бірі ретінде өзінің лайықты орнын алғанын және оның түркі әлемі поэзиясының дамуына зор үлес қосқанын айтты. Сонымен қатар, Барпы Әліқұловтың туғанына 140 жыл толуына арналған шаралардың 2024 жылы Түркия, Қазақстан, Қырғызстан және басқа да түркі әлемі елдерінде өтетінін баса айтқан Раев «Заманынан озып кеткен ұлы ақын бар. Шығармалары жүз жыл өтсе де ескірмейтін ақынның көркем тұлғасы мен шығармашылығына арналған іс-шаралар 2024 жылға дейін жалғасады. ТҮРКСОЙ бұл тұрғыда өз міндетін атқаратын болады», — деді ол.
Жалал-Абад облысының әкімшілік шекарасындағы сегіз ауданның барлығы қатысқан шарада әр облыс дәстүрлі түрде безендірілген қырғыз қарүйлерімен өңірдің мәдениетін, әсіресе, шетелден келген қонақтарға таныстырмақ.